Теһранда Азиядағы технопарктер басшыларының отырысы өтті
Maм 09, 2017 17:46 Asia/Almaty
Азиядағы технопарктер қоғамына мүше технопарктер басшыларының он екінші отырысы Теһран университетінің технопаркінде өтті.
"ASPA" 1997 жылы Жапонияда ғылым, технология, өнеркәсіп және экономика негіздерінде ортақ дамуға қол жеткізу мақсатында негізі Азия аймағында қаланған үкіметтік емес халықаралық ұйым болып табылады. Осы азиялық қоғам Азия өнеркәсібі үшін жаңа бір үлгі ұсынып, инновациялық ұйымдар, компаниялар және адамдардың басын қосып, Азияда экономикалық бірлік орнату арқылы мүше елдердің қоғамдарында индустриалдық және экономикалық дамуға көмектесуге талпыныс жасауда.
Тегтер