Ардабил облысындағы зілзәладан 11 адам жараланды
Maм 11, 2017 22:34 Asia/Almaty
Иранның солтүстік-батысында орналасқан Ардабил облысы әкімшілігінің дағдарысты басқару бас директоры бейсенбі күні таңертең Ардабил облысының солтүстігінде болған жер сілкінісінен 11 адамның зардап шеккенін хабарлады.
Бүгін, бейсенбі күні таңертең Ардабил облысының солтүстігінде Рихтер бағамы бойынша 5 балдық жер асты дүмпуі орын алды. Соның салдарынан 10 адам жараланды. Теһран университетінің геофизика институтына қарасты жер сілкінісін зерттеу орталығы зілзәла кіндігінің Әзірбайжан республикасының жерінде болғанын мәлімдеді. Ардабил облысы Әзірбайжан республикасымен шекаралас.
Тегтер