Дұшпан Иранның тежегіш әлеуетін біледі
Иран қарулы күштері бас штабының басшысы дивизия басшысы Бағери: «Иранның барлау жағынан мықтылығы мен теңіз қорғанысындағы әлеуеті дұшпандарды одан әрі дәрменсіз әрі сергелдеңдікке ұшыратады» деді.
Сардар Мұхаммад Бағери Теһранда "Жүрдек қайық" бесінші ұлттық форумының ашылу рәсімінде сөйлеген сөзінде шапшаңдық пен жылдамдықты, тұрақтылық пен тыныштықты, радарға түспеу мен оңай қолданыс және маневр күшін жүрдек қайықтардың ерекшеліктері деп атады.
Сардар Бағери сөзінің жалғасында геополитикалық және геостратегиялық ерекшеліктерді Иранның қуатты тұстары деп бағалап: «Исламдық Иран солтүстік пен оңтүстікте ұзақ жағалауларға ие. Осы өңірлер аймақ пен әлемнің күш-қуат пирамидасында шешуші болып табылады» деді.
Ол Парсы Шығанағы аймағының маңыздылығына сілтеме жасап: «Бұл аймақ жағалау мен теңіздегі маңыздылығымен қоса әлемдегі ең үлкен көмірсутегі қорына, соның ішінде мұнай мен газға ие болып, экономика мен әлемдік энергияның соғып тұрған жүрегі болып табылады» деді.
Иран қарулы күштері бас штабының басшысы Америка мен астамшыл алпауыттардың Иранның жүйесі мен халқына қарсы қоқан-лоққылары мен өшпенділігінің түрін теңізге негізделген деп санап: «Өз күш- қуатын теңізде қалыптастырған Иранның дұшпандары шынайы шайқас майданында осал екендіктерін және ауыр шығынға ұшырайтындығын анық біледі» деді.