Солтүстік Хорасанда болған жерсілкінісі салдарынан 3 адам қаза тапты
Maм 14, 2017 21:57 Asia/Almaty
Солтүстік Хорасан облысы әкімінің абадтандыру істері жөніндегі орынбасары Мұхаммад Хосейн Әлиниа жексенбі күні таңертең Солтүстік Хорасан облысының дағдарысты басқару және үйлестіру штабының жиналысы аясында сөйлеген сөзінде: «Алғашқы мәліметтер бойынша, сенбі күні түнде Боджнурдтың батысында болған Рихтер бағамы бойынша 5,7 балдық жерсілкінісі салдарынан 3 адам қаза тауып, 225 адам адам жараланды»,-деді.
Әлиниа Боджнурдтың солтүстік-батысында орналасқан ауылдардағы, әсіресе Мане мен Самалқандағы жүздеген үйге келген зияндарға тоқталып: «Көмектесу және қауіпсіздікті сақтау ұйымдарының барлығы толық дайындықпен аймақта жұмыс істеп жатыр», -деді.
Тегтер