Ислам елдері сионистік режимнің басқыншылық әрекеттерімен күресуі қажет
Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі ислам елдерінің сионисттік режимнің дұшпандық және басқыншылық әрекеттерімен күресу қажеттілігін қуаттады.
Иран Ислам кеңесі мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі Амир Абуллахиян ислам елдерінің сионистік режимнің дұшпандық және басқыншылық әрекеттерімен күресуі қажеттігін қуаттады.
Ислам кеңесі мәжілісінің ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Хосейн Амир Абдуллахиян жексенбі күні Мысырдың мүдделерін сақтау кеңсесінің төрағасы Ясир Османмен Теһранда кездесуінде: "Иран Мысырдың мазлұм Палестина халқының құқықтарын қалпына келтірудегі, ислам елдерінің сионистік режимнің Құдста, Йордан өзенінің батыс жағалауындағы басқыншылық әрекеттерімен күресу қажеттігі, сонымен қатар, қорғансыз Газа секторы тұрғындарының қоршауын бұзу жағдайларын халықаралық қауымдастық пен ислам елдерінің есіне түсірудегі рөлін ерекше бағалайды",- деді.
Ясир Осман сол кездесуде: "Иран мен Мысыр Ислам әлеміндегі ең ірі мемлекеттер ретінде аймақтық және халықаралық қауымдастықта әрдайым бір-бірімен пайдалы кеңесулер өткізіп келеді",- деді.
Сондай-ақ, Ирандағы Мысыр мүдделерін сақтаушы кеңсе төрағасы лаңкестікпен күрес және баршаның исламдық бірлік үшін талпыныс жасауы қажеттігін қуаттап: "Осы орайда қарым-қатынастарды дамыту және бір-бірін жақсы тану мақсатындағы саяси және парламенттік делегациялардың байланыстары өте тиімді",- деді.