Чабахар жағалауларында жарты тоннадан астам героин табылды
Иранның оңтүстік-шығысындағы Чабахар теңіз шекарасы базасының қолбасшысы Пәкістаннан Чабахар жағалауларына енгізілген 685 кг героин тиеген бір кеменің анықталып, тәркіленгенін хабарлады.
Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Чабахар теңіз шекарасы базасының қолбасшысы полковник Саид Ноурузи: «Пәкістаннан Иранның теңіз территориясына кірген осы кеменің түпкі мақсаты Иордания болған, бірақ Чабахар теңіз шекара базасының қызметкерлері оны анықтап, тәркіледі. Осы кемеге тінту жүргізу кезінде 150 мың литр контрабандалық жағармай да табылды» деді.
Ол осы іске байланысты 10 адамның ұсталып, бір қайықтың тәркіленгенін мәлімдеп: «Ұсталған 10 адамның сегізі Бангладеш, Пәкістан, Үндістан және Шри-Ланка елдерінің азаматтары болып табылады» деді.