Америкалықтардың Иранның әскери әлеуеті туралы мәліметтері шектеулі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27098-Америкалықтардың_Иранның_әскери_әлеуеті_туралы_мәліметтері_шектеулі
ИИР қарулы күштерінің аға ақпарат хатшысы Сардар Жазайери: «Американың әскери және барлау аппараттарының Иранның әскери әлеуеті туралы мәліметтері шектеулі. Олар әлеуеттердің терең түсіне алмайды» деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 15, 2017 17:38 Asia/Almaty
  • Америкалықтардың Иранның әскери әлеуеті туралы мәліметтері шектеулі

ИИР қарулы күштерінің аға ақпарат хатшысы Сардар Жазайери: «Американың әскери және барлау аппараттарының Иранның әскери әлеуеті туралы мәліметтері шектеулі. Олар әлеуеттердің терең түсіне алмайды» деді.

Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігінің дүйсенбі күнгі хабарлауынша, Иран қарулы күштерінің аға ақпарат хатшысы бригада генералы сардар сейіт Масуд Жазайери: «Бөгделер мен дұшпандарға, әсіресе америкалықтарға біршама мәлім болған Иранның қорғаныстық әлеуеті оларды тосылтып отыр» деді.

Бригада генералы сардар Жазайери Иранның қорғаныс саласындағы ілгерілеушіліктерінің жалғасатынын қуаттап: «Иран ислам республикасының тежегіш әлеуеті белсенді түрде тежеуге негізделген және. Шапқыншы күшті көзі жойылғанша немесе берілгенше қудалайды. Егер америкалықтар осы уақытқа дейін Таяу Шығысқа үстемдік ету үшін жұмсаған қаржысынан ондаған есе көбірек шығын жұмсаса да, өздерінің сұм мақсаттарына қол жеткізе алмайды» деді.