Ирандағы еврейлердің тұрмыстық жағдайы Еуропадағы еврейлерден әлдеқайда жақсырақ
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27128-Ирандағы_еврейлердің_тұрмыстық_жағдайы_Еуропадағы_еврейлерден_әлдеқайда_жақсырақ
Иран ислам кеңесі мәжілісіндегі еврейлердің депутаты Ирандағы еврейлердің тұрмыстық жағдайын Еуропадағы еврейлердің жағдайынан әлдеқайда жақсырақ деп бағалады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 16, 2017 18:11 Asia/Almaty
  •  Ирандағы еврейлердің тұрмыстық жағдайы Еуропадағы еврейлерден әлдеқайда жақсырақ

Иран ислам кеңесі мәжілісіндегі еврейлердің депутаты Ирандағы еврейлердің тұрмыстық жағдайын Еуропадағы еврейлердің жағдайынан әлдеқайда жақсырақ деп бағалады.

Иран мәжілісіндегі еврейлердің депутаты Сиямак Маре Седық Германияның «Deutsche Welle» телеарнасына берген сұхбатында «Иранда Таяу Шығыстағы еврейлердің екінші үлкен қоғамы бар. Еврейлердің Теһранда 20-дан астам белсенді синагогасы бар. Олар емін-еркін діни рәсімдерін орындай алады.

Иранда түрлі діндердің ізбасарлары арасында тіл табысу деңгейі жоғары. Еврейлер мен мұсылмандар бірін- бірі құрметтейді. Еврейлер мен мұсылмандар Иранда әлемді жақсырақ мекенге айналдыру үшін бірі- бірімен ынтымақтастық жасауда» деді.