Танымал діни тұлғалар Иран халқын сайлауларға жаппай қатысуға шақырды
Танымал діни тұлғалар халықтың сайлауларға жаппай қатысуының дұшпандардың үмітін үмітсіздікке айналдыратынын қуаттады.
Насер Макарем Ширази, Хосейн Нури Һамадани, Абдолла Джавади Амоли және сейіт Мұхаммад Әли Алави Горгани жеке-жеке мәлімдемелерінде Иран халқын президенттік сайлаудың он екінші кезеңі мен қалалық және ауылдық ислам кеңесінің бесінші шақырылымы мен Иран ислам кеңесі мәжілісінің аралық сайлауына қатысуға шақырды.
Аятолла Насер Макарем Ширази халықты президенттік сайлауға шақырумен қоса: «Ең лайықты деп санайтын үміткерге дауыс беріңіздер. Бәсеке кеңістігі дұшпанға Иранда алауыздық тудыру үшін асыра пайдалануға мұрсат бермеуі керек» деді.
Аятолла Хосейн Нури Һамадани да: «Сайлауларға қатысу – міндет. Халық осы сайлауларға жаппай қатысып, әр бір дауыстың дұшпандардың денесіне атылатын оқ болатынын білуі керек» деді.
Сондай- ақ аятолла Абдолла Джавади Амоли да Иран халқының барлық табын саналы түрде сайлауларға қатысуға шақырды.
Аятолла Алави Горгани да діндарлық пен тақуалықты және ислам революциясының мәртебелі жетекшісіне бағынып, халық үшін жанашыр болуды сайланатын адамның ерекшеліктері деп атады.