Джабери Ансари АҚШ сотының Иранға қарсы шешімін жөнсіз әрі мағынасыз деп атады
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ сотының Иранға қарсы шешімін мағынасыз әрі әділет негіздерін масқаралау, сондай-ақ АҚШ-тың сот органдарының беделін түсіреді деп атады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Хосейн Джабери Ансари АҚШ сотының Иранға қарсы шешіміне реакция білдіріп: «АҚШ сотының Иранға қарсы таяудағы шешімі бұл мемлекеттің сот органының сионистік режимнің Ираннан қоқыту сценариін ойланбастан қолдауының көрінісі»,- деп мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысының айтуы бойынша «мұндай шешім өте қатерлі және лаңкестер мен олардың демеушілеріне АҚШ пен әлем халықтарын ойланбай өлтіре беруге болады деген жолдауды жеткізеді. Өйткені ешкім оларды жауапқа тартпайды, керісінше лаңкестердің ең күшті әрі ең ықпалды дұшпандарын нысанаға алады».
АҚШ-тың Нью-Йорк штатының соты таңданыс тудыратын әрекетінде Иранға 11-ші қыркүйек оқиғасында құрбан болған жанұяларға он жарым миллиард доллар шығын төлеу туралы үкім кесті.