Мирджаведен бастап, Манчестерге дейінгі барлық лаңкестік әрекеттердің түп-тамыры – бір
Иран Сыртқы істер министрінің ақпарат хатшысы Қасеми Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы лаңкестік шабуылды айыптап: "Ирандағы Мирджаведен бастап, Ұлыбританияның Манчестеріне дейінгі барлық лаңкестік әрекеттердің түп-тамыры – бір. Оны жою керек" деді.
Дүйсенбі күні кешке "Манчестер Аренада" орын алған жарылыс салдарынан кем дегенде 22 адам қаза болып, ондаған адам жараланды.
ИИР-ның СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Қасеми Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтастық білдіріп: "Ортақ мүдделерге негізделген жалған коалициялар құру және лаңкестік пен әсірешілдікті тарату және қаруландыру көздері жайында қате мағлұмат берудің салдары бұл құбылыстың әлемде обыр ісігі тәрізді жайылуы болды. Оны түп-тамырымен жою үшін ауқымды әрі екіұшты стандарттардан ада механизмдер құру қажет" деді.
Сәуір айының жиырма алтысы күні "Джейш әл-Золм" лаңкестік тобының мүшелері Иранның Систан мен Балучестан облысының Мирджаве аймағында 9 ирандық шекарашыны қызмет атқарып жүрген жерінде шәһид етіп, бір жаралы шекарашыны Пәкістан жеріне алып кеткен болатын.