Мирджаведен бастап, Манчестерге дейінгі барлық лаңкестік әрекеттердің түп-тамыры – бір
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27340-Мирджаведен_бастап_Манчестерге_дейінгі_барлық_лаңкестік_әрекеттердің_түп_тамыры_бір
Иран Сыртқы істер министрінің ақпарат хатшысы Қасеми Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы лаңкестік шабуылды айыптап: "Ирандағы Мирджаведен бастап, Ұлыбританияның Манчестеріне дейінгі барлық лаңкестік әрекеттердің түп-тамыры – бір. Оны жою керек" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Maм 24, 2017 03:31 Asia/Almaty
  • Мирджаведен бастап, Манчестерге дейінгі барлық лаңкестік әрекеттердің түп-тамыры – бір

Иран Сыртқы істер министрінің ақпарат хатшысы Қасеми Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы лаңкестік шабуылды айыптап: "Ирандағы Мирджаведен бастап, Ұлыбританияның Манчестеріне дейінгі барлық лаңкестік әрекеттердің түп-тамыры – бір. Оны жою керек" деді.

Дүйсенбі күні кешке "Манчестер Аренада" орын алған жарылыс салдарынан кем дегенде 22 адам қаза болып, ондаған адам жараланды.

ИИР-ның СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Қасеми Ұлыбританияның Манчестер қаласындағы лаңкестік шабуылда құрбан болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтастық білдіріп: "Ортақ мүдделерге негізделген жалған коалициялар құру және лаңкестік пен әсірешілдікті тарату және қаруландыру көздері жайында қате мағлұмат берудің салдары бұл құбылыстың әлемде обыр ісігі тәрізді жайылуы болды. Оны түп-тамырымен жою үшін ауқымды әрі екіұшты стандарттардан ада механизмдер құру қажет" деді.

Сәуір айының жиырма алтысы күні "Джейш әл-Золм" лаңкестік тобының мүшелері Иранның Систан мен Балучестан облысының Мирджаве аймағында 9 ирандық шекарашыны қызмет атқарып жүрген жерінде шәһид етіп, бір жаралы шекарашыны Пәкістан жеріне алып кеткен болатын.