Иран әлемдегі ешбір мемлекеттен қорықпайды
ИИР Вице-президенті: «ИИР әрдайым өз халқының қолдауы мен Қарулы күштеріне сенгендіктен ешбір әлемдік күштен қорықпайды»,- мәлімдеді.
ИИР Вице-президенті Исхақ Джаһангири Хоррамшаһр қаласы азат етілген күннің жылдығында ардагерлерді ұлықтауға арналған ТеҺран қаласында өткен оныншы конгресте сөйлеген сөзінде: «Иран түйткілге толы тынышсыз аймақта орналасқан. Шет елдер мен халықаралық надан күштер Иран халқына қоқан-лоққы жасап келеді. Сондықтан Иранның жауапты басшылары елдің қорғаныстық қабілетін арттыруға көмектесетін кез-келген шараны атқарады»,-деді.
Джаһангири Иранның ешқашан қорғаныс құралдарынан бас тартпайтынын айтып: "Иран халқы Теһран ирактық Баас режимі тарапынан бомбаланып жатқанда басқа елдердің Иранға бір зымыран да бермегенін ұмытпайды",-деді.
ИИР Вице-президенті Хоррамшаһрды азат ету ерлігіне тоқталып: «1982 жылы Хоррамшаһр азат етілген күннен бастап әлемнің Иран еліне деген көзқарасы өзгерді. ИИР өзінің әскери-қорғаныстық күш-қабілетін әлемге паш етті»,-деді.