Израильдің басқыншылығына қарсылық жалғасуда
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Баһрам Ғасеми дүйсенбі күні ирандық және шетелдік журналистердің қатысуымен өткен баспасөз отырысында Израиль кабинетінің "Нала қабырғасында" алғашқы отырыс өткізіп, Палестина Исламдық Қарсыласу Қозғалысы ХАМАС-тың соған исламдық елдердің реакция білдіруі туралы өтініші жайлы шетелдік радио торабы тілшісінің сұрағына берген жауапта: "ИИР-ның сионистік режимнің басқыншылығына қатысты ұстанымы өзгермейді. Басқыншылық тоқтамайынша, қарсыласу да жалғасады» деді.
Ғасеми Дональд Трамптың Сауд Арабиясына жасаған сапарында Иранға қарсы бос жаланың қайталанғанын айтып: "Трамптың лаңкестік пен қатігездікті қолдап, тарататын елге сапармен баруы оның лаңкестікпен күрес туралы уәждерін теріске шығарады",-деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Сириядағы қазіргі жағдайлар мен атысты тоқтату жобасының орындалуы туралы: "Үш ел – Иран, Ресей, Түркия арасында Астана келіссөздері аясындағы сұхбаттар жалғасуда. Егер тиісті негіз әзірленіп, атысты тоқтату жобасын қадағалайтын күштер қажет болса, келісімге келген жағдайда Теһран Сирияға әскери күш жіберуге дайын", -деді.
Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрейндегі шиіттердің танымал дінбасы шейх Иса Ғасемге қарсы әл-Халифа режимінің әрекеттері туралы: "Егер осындай әрекеттер жалғаса берсе бұл елдің жағдайы шегіне жетеді",-деді.