Сайлаудың шынайы жеңімпаздары – Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27636-Сайлаудың_шынайы_жеңімпаздары_Иран_халқы_мен_Ислам_революциясының_жетекшісі
ИИР Президенті Рухани сәрсенбі күні кешке Министрлер кабинеті мүшелерінің жанұяларымен болған ауызашар рәсімінде: «Соңғы маңызды сайлаудың шынайы жеңімпаздары Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісі болды»,-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 01, 2017 11:53 Asia/Almaty
  • Сайлаудың шынайы жеңімпаздары – Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісі

ИИР Президенті Рухани сәрсенбі күні кешке Министрлер кабинеті мүшелерінің жанұяларымен болған ауызашар рәсімінде: «Соңғы маңызды сайлаудың шынайы жеңімпаздары Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісі болды»,-деді.

ИИР Президенті Хасан Рухани сайлауды Құдайдың Иран қоғамына берген саяси, әлеуметтік және халықаралық қырлары бар сынақтарының бірі деп атап: «Иран халқы әлем халықтары алдындағы осы сынақтан абыроймен өтті»,-деді.

ИИР Президенті қасиетті Рамазан айын Құдайға қонақ болып, құлшылық ету айы деп сипаттап: «Рамазан айы адамның сабыры мен төзімділігін нығайту үшін берілген»,-деп қуаттады.

Рухани, сондай-ақ, жауапты тұлғалар мен олардың жанұяларының талпыныстарына алғыс айтып: «Бидай өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетіп, оны экспорттау, сондай-ақ, жуырда бензин өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жету – үкіметтің соңғы жылдардағы жетістіктерінің бірі»,-деді.