Сайлаудың шынайы жеңімпаздары – Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісі
ИИР Президенті Рухани сәрсенбі күні кешке Министрлер кабинеті мүшелерінің жанұяларымен болған ауызашар рәсімінде: «Соңғы маңызды сайлаудың шынайы жеңімпаздары Иран халқы мен Ислам революциясының жетекшісі болды»,-деді.
ИИР Президенті Хасан Рухани сайлауды Құдайдың Иран қоғамына берген саяси, әлеуметтік және халықаралық қырлары бар сынақтарының бірі деп атап: «Иран халқы әлем халықтары алдындағы осы сынақтан абыроймен өтті»,-деді.
ИИР Президенті қасиетті Рамазан айын Құдайға қонақ болып, құлшылық ету айы деп сипаттап: «Рамазан айы адамның сабыры мен төзімділігін нығайту үшін берілген»,-деп қуаттады.
Рухани, сондай-ақ, жауапты тұлғалар мен олардың жанұяларының талпыныстарына алғыс айтып: «Бидай өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ететін дәрежеге жетіп, оны экспорттау, сондай-ақ, жуырда бензин өндіруде өзін-өзі қамтамасыз ететін деңгейге жету – үкіметтің соңғы жылдардағы жетістіктерінің бірі»,-деді.