Рухани Ауғанстан президентіне көңіл айтты
Хасан Рухани Ауғанстан Президентіне жолдауында Кабулда жуырда орын алған лаңкестік әрекет салдарынан жазықсыз ауған халқының қаза болып, жараланғанын айыптап, жантүршіктірерлік оқиғаға байланысты Ауғанстан үкіметі мен халқына көңіл айтты.
ИИР Президенті баспасөз қызметінің бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Хасан Руханидің өзінің ауған әріптесіне жолдауында: "Қасиетті Рамазан айында жасалған қанқұйлы лаңкестік шабуыл жасау осындай соқыр әрекеттерді орындаушы, бұйырушы және демеушілердің ислам діні мен оның ізгі тағылымдарынан ештеңе үйренбегенін көрсетеді",-деп жазылған.
Рухани осы алапат оқиғада Ауғанстан үкіметі мен халқының жанынан табылатынын айтып: "Иран терроризм мен экстремизм толық жойылғанға дейін өзінің кесімді күресін жалғастырады",-деді.
Сонымен қатар, ИИР Жүйе мүддесін анықтау алқасының хатшысы Мохсен Резаи Ауғанстан астанасы Кабулда орын алған лаңкестік жарылысқа тоқталып: "Терроризмді қолдап отырған елдерді жазаламайынша әлемде тыныштық орнамайды",-деді.
Кабулдың "Вазир Акбархан" ауданында болған лаңкестік шабуылда 100 адам қаза тауып, 500 адам жараланды.