АҚШ-тың шығуымен Париж келісімі жойылмайды
Иранның Қоршаған орта ұйымының басшысы АҚШ-тың климат жөніндегі Париж келісімнен шығуына тоқталып: «Париж келісімі – халықаралық келісім, сондықтан бір мемлекеттің мүшеліктен шығуымен жойылмайды»,- деді.
Иранның Қоршаған орта ұйымының басшысы Масуме Эбтекар ИРНА-ға берген сұхбатында: «Париж келісіміне 194 мемлекет қол қойып, оған 160-тан астам мемлекет ресми түрде қосылған. Сондықтан бұл келісімнің негізі мықты. АҚШ Президенті Дональд Трамп саудаласқысы келеді, бірақ барлық елдер бұл мәселенің саудаласатын мәселе емес екенін мәлімдеді»,- деді.
Иран Президентінің орынбасары адамзат қоғамының қоршаған ортаның ортақ екенін қабылдағанына тоқталып: «Әлемнің көптеген басшылары, тіпті АҚШ-тың кейбір штаттары Трамптың бұл әрекетін айыптады»,- деді.