АҚШ-тың шығуымен Париж келісімі жойылмайды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27710-АҚШ_тың_шығуымен_Париж_келісімі_жойылмайды
Иранның Қоршаған орта ұйымының басшысы АҚШ-тың климат жөніндегі Париж келісімнен шығуына тоқталып: «Париж келісімі – халықаралық келісім, сондықтан бір мемлекеттің мүшеліктен шығуымен жойылмайды»,- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 03, 2017 16:54 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың шығуымен Париж келісімі жойылмайды

Иранның Қоршаған орта ұйымының басшысы АҚШ-тың климат жөніндегі Париж келісімнен шығуына тоқталып: «Париж келісімі – халықаралық келісім, сондықтан бір мемлекеттің мүшеліктен шығуымен жойылмайды»,- деді.

Иранның Қоршаған орта ұйымының басшысы Масуме Эбтекар ИРНА-ға берген сұхбатында: «Париж келісіміне 194 мемлекет қол қойып, оған 160-тан астам мемлекет ресми түрде қосылған. Сондықтан бұл келісімнің негізі мықты. АҚШ Президенті Дональд Трамп саудаласқысы келеді, бірақ барлық елдер бұл мәселенің саудаласатын мәселе емес екенін мәлімдеді»,- деді.

Иран Президентінің орынбасары адамзат қоғамының қоршаған ортаның ортақ екенін қабылдағанына тоқталып: «Әлемнің көптеген басшылары, тіпті АҚШ-тың кейбір штаттары Трамптың бұл әрекетін айыптады»,- деді.