АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы бұл елдің жауапсыздығының белгісі
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27718-АҚШ_тың_Париж_келісімінен_шығуы_бұл_елдің_жауапсыздығының_белгісі
Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми: «АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы бұл елдің әлемдік қауымдастық алдындағы жауапсыздығының белгісі. АҚШ үкіметінің әрекеті Вашингтонның күннен күнге оқшаулануына себеп болады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 04, 2017 13:49 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы бұл елдің жауапсыздығының белгісі

Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ғасеми: «АҚШ-тың Париж келісімінен шығуы бұл елдің әлемдік қауымдастық алдындағы жауапсыздығының белгісі. АҚШ үкіметінің әрекеті Вашингтонның күннен күнге оқшаулануына себеп болады.

Парниктік газдарды ең көп шығаратын және әлемді ең көп ластайтын мемлекеттердің бірінің үкіметінің Париж келісіміне тұрақсыздығы қабылдайтын мәселе емес. Әлемдік қауымдастық АҚШ-тың жаңа үкіметін халықаралық келісімдерді толық әрі нақты орындауға мәжбүрлеуі керек»,- деді.

АҚШ Президенті өткен бейсенбі күні климат жөніндегі Париж келісімінен шығып, бұл келісімнің АҚШ үшін еш пайдасының болмағаны туралы уәж айтты.

2015 жылдың желтоқсан айының 12 күні Париж келісіміне 194 мемлекет қол қойып, келісімді іске асыру 2016 басталды.