Иран Сыртқы істер министрі аймақ өзгерістеріне қатысты телефон арқылы пікір алмасты
Иран Сыртқы істер министрі аймақ өзгерістеріне қатысты телефон арқылы пікір алмасуды жалғастырып, Кувейт, Қатар, Ливан және Алжир Сыртқы істер министрлері мен Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілімен аймақта орын алып жатқан оқиғалар туралы сөйлесті.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф дүйсенбі күні Кувейт Сыртқы істер министрі шейх Сабах әл-Халед әл-Сабах, Қатар Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммад бен Абдурахман әл-Сани, Ливан Сыртқы істер министрі Джебран Басил, Алжир Сыртқы істер министрі Абдул Қадер Масахел және Еуроодақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могеринимен телефон арқылы жеке-жеке сөйлесіп, Таяу Шығыс аймағындағы оқиғалар туралы пікір алмасты.
ариф бұдан бұрын Ирак, Оман, Түркия, Тунис, Малайзия және Индонезия Сыртқы істер министрлерімен аймақтың қазіргі жағдайы және Қатар мен басқа араб елдері арасындағы қайшылықтардың артуы туралы сөйлескен болатын.
Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ дүйсенбі күні Сауд Арабиясы мен басқа бірнеше араб мемлекетінің Қатармен арадағы қарым-қатынастарын үзгеніне реакция білдіріп, «Твиттердегі» парақшасында: «Күш пен мәжбүрлеу мәселені шешпейді. Әсіресе Рамазан айында келіссөздер өткізу қажеттілік»,- деп жазды. Зариф шекаралас елдер арасында келіссөздер өткізіп, келісімге келудің қажеттігін қуаттап: «Көршілестік – мәңгілік. Географияны өзгертуге болмайды»,- деді.