Теһранда бір лаңкестік топ құрықталды
(last modified Wed, 07 Jun 2017 15:56:46 GMT )
Маусым 07, 2017 21:56 Asia/Almaty
  • Теһранда бір лаңкестік топ құрықталды

Иранның Барлау министрлігінің лаңкестікке қарсы бас директоры сәрсенбі күні таңертең Теһран қаласында бірнеше лаңкестік топтың лаңкестік әрекеттер жасағанын, келесі бір топ мүшелерінің әрекет жасап үлгерместен ұсталғанын хабарлады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша Иранның Барлау министрлігінің жауапты тұлғасы: «Тағы екі топ имам Хомейнидің кесенесі мен Иран Мәжілісінің ғимаратына шабуыл жасады. Имам Хомейнидің кесенесі қызметкерлерінің қырағылығымен жанкешті әрекет етіп үлгерместен бұрын оған оқ атылып, келесі жанкешті өз-өзін жарып жіберді» деді.

Иранның Барлау министрлігінің осы жоғары лауазымды тұлғасының айтуы бойынша, Баһарестан алаңында тағы бір топ Мәжіліске келушілер мен Мәжілістің әкімшілік ғимараттарының біріне оқ атқан.  Ол топ қоршауға алынған.   

Қарулы лаңкестік топ бүгін, сәрсенбі күні таңертең Мәжіліске келушілердің тасасында Иранның мәжілісіне еніп, Мәжілісті қорғаушы күштермен қақтығысып, оларға оқ атты. Соның салдарынан бірқатар адам шәһид болып, жараланды. Тағы бір лаңкестік топ Теһранның оңтүстігіндегі имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне еніп, оқ атты. Соның салдарынан бір адам қайтыс болып, төрт адам жараланды. 

 

Тегтер