Иран Мәжілісінің ғимаратына шабуыл жасаған төрт лаңкестің көзі жойылды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i27822-Иран_Мәжілісінің_ғимаратына_шабуыл_жасаған_төрт_лаңкестің_көзі_жойылды
ИИР-ның қауіпсіздік күштері Иран Мәжілісінің ғимаратына шабуыл жасаған төрт лаңкестің көзін жойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 08, 2017 02:29 Asia/Almaty
  • Иран Мәжілісінің ғимаратына шабуыл жасаған төрт лаңкестің көзі жойылды

ИИР-ның қауіпсіздік күштері Иран Мәжілісінің ғимаратына шабуыл жасаған төрт лаңкестің көзін жойды.

Кеше, сәрсенбі күні қарулы төрт лаңкес әйелдерше киініп, Иран Мәжілісінің ғимаратына еніп, Мәжілістің қорғаушы күштерімен қақтығысып, оларға қарай оқ жаудырды.

Қаруланған келесі төрт лаңкес Теһранның оңтүстігіндегі имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне еніп, атыс ашып, лаңкестердің бірі өзімен алып келген жарылғыш заттарын жарып жіберді.

Кеше, сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың жауапкершілігін ДАИШ лаңкестік тобы мойнына алды.

Иранның Жедел жәрдем қызметінің басшысы Пирхосейн Куливанд Теһранда Ислам Кеңесінің Мәжілісі мен имам Хомейнидің қасиетті кесенесіне жасалған екі лаңкестік шабуылда 12 адамның шәһид болып, 42 адамның жараланғанын хабарлады.