Теһрандағы лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырушылардың ваххаби топтарына қатыстылығы анықталды
(last modified Thu, 08 Jun 2017 15:16:03 GMT )
Маусым 08, 2017 21:16 Asia/Almaty
  • Теһрандағы лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырушылардың ваххаби топтарына қатыстылығы анықталды

Иран Ислам Республикасының Барлау министрлігі кеше сәрсенбі күнгі Теһрандағы лаңкестік шабуылдардың егжей-тегжейін жариялап, шабуылды жүзеге асырушылардың ваххаби топтарымен байланысты екендіктерін мәлімдеді.

Иранның Барлау министрлігі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде: «Имам Хомейнидің қасиетті кесенесі мен Исламдық кеңес Мәжілісіндегі лаңкестік әрекеттерге қатысты ДАИШ тобы мүшелерінің бесеуі ваххаби тәкфірлік тобына қарасты әккі лаңкестер болған.

Бұл адамдар ДАИШ лаңкестік тобына кірген соң аталмыш лаңкестік топтың Мосул мен Ракке қалаларындағы, Ирактың шығысы мен Сирияның солтүстігіндегі қылмыстарға қатысқан» деді.

Кеше, сәрсенбі күні имам Хомейнидің қасиетті кесенесі мен Иранның Исламдық Кеңес Мәжілісінің ғимаратына лаңкестік шабуыл жасалды. Екі лаңкестік шабуылда ирандық  17 азамат шәһид болып, 40-тан астам адам жарақат алды.