Ресейдің Энергетика министрі Иранның Мұнай министрімен кездесті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i2785-Ресейдің_Энергетика_министрі_Иранның_Мұнай_министрімен_кездесті
ИИР-ның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрі мұнай мен энергетика саласында екжақты әріптестікті арттырудың жолдарын талқылады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Нау 15, 2016 11:59 Asia/Almaty
  • Ресейдің Энергетика министрі Иранның Мұнай министрімен кездесті

ИИР-ның Мұнай министрі мен Ресейдің Энергетика министрі мұнай мен энергетика саласында екжақты әріптестікті арттырудың жолдарын талқылады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иранның Мұнай министрі Бижан Намдар Зангане дүйсенбі күні Теһранда Ресейдің Энергетика министрі Алекстандр Новакпен кездесіп, екі елдің саяси байланыстарының жоғарылап келе жатқан деңгейіне тоқталып, әріптестікті арттырып, ресейлік компаниялардың Ирандағы мұнай-газ, өңдеу және мұнай-химия жобаларын орындауға қатысуын қалайтынын білдірді.

Зангане, сондай-ақ, Иран мен Ресейдің мұнай мен газ өндіретін ең үлкен елдер ретінде әлемнің энергетика нарықтарында әріптестік жасай алатынын айтып: «Жуырда ресейлік компаниялардың Иранның мұнай-газ кен орындарын дамыту жобаларына қатысуының куәсі боламыз»,-деді.

Ресейдің Энергетика министрі Алекстандр Новак та осы кездесуде екі елдің саясат пен экономиканың әртүрлі салаларындағы жақсы әріптестігіне тоқталып: «Иран мен Ресей энергетика саласында өте ықпалды серіктер бола алады. Бұл үлгі ОПЕК-ке мүше және мүше емес елдердің әріптестігіне айналады»,-деді.