Теһранның айналасында бір лаңкестік топ құрықталды
ИИР Полиция күштерінің қолбасшысы сенбі күні таңертең Теһранның айналасында бір лаңкестік топ мүшелерінің құрықталғаны туралы хабарлады.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, ИИР Полиция күштерінің қолбасшысы бригада генералы Хосейн Аштари: «Теһранда маусымның 7 күні орын алған лаңкестік әрекеттен кейін лаңкестік топқа қатысты біраз адам полиция, Сақшылар корпусы, халықтың ерікті топтары мен басқа да қауіпсіздік органдардың қырағылығымен құрықталды»,- деді.
Теһранның батысындағы Алборз облысының Юстиция басшысы Ахмад Фазлиан да: «Маусымның 7 күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылды қолдаушылардың жетеуі Алборз облысының Фардис қаласында ұсталды»,- деп мәлімдеді.
Фарс облысының қауіпсіздік кеңсесінің қоғамдық бөлімі де лаңкестік топтарға қатысты жеті адамның Фарс облысында қамауға алынғаны туралы хабарлады.
ИИР қауіпсіздік министрлігі жұма күні: «Керманшаһ, Күрдістан, Батыс Әзірбайжан мен Теһран облыстарында ДАИШ лаңкестік тобының 41 мүшесі анықталып, қамауға алынды»,- деп жариялады.