Иранның Барлау министрлігі – ең қуатты барлау аппараттарының бірі
Иран Барлау министрлігі: "Иранның Барлау министрлігі әлемдегі, әсіресе лаңкестікпен күрес саласындағы ең кәсіби әрі ең қуатты барлау органдарының бірі саналады",- деп баса айтты.
ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейіт Мохаммад Алави сенбі күні кешке Екінші арнаның «Арнайы сұхбат» атты бағдарламасында жуырда Теһрандағы лаңкестік оқиға кезінде қаза болған шәһидтердің отбасыларына көңіл айтып, қайғылы оқиға кезінде жарақат алғандардың тездетіп жазылып кетуін тілеп: "Бүгінге дейін Иранның әртүрлі аймақтарында қауіпсіздікті бұзу және бомба жару секілді әрекеттерді көздеген көптеген лаңкестік топтар еліміздің барлау күштерінің қырағылығының арқасында анықталып, құрықталды",- деді.
Иран Барлау министрі өткен үш жыл ішінде шамамен 100 лаңкестік топтың анықталып, жойылғанына тоқталып: "Бұл аралықта көптеген лаңкестік шабуылдардың алдын алдық. Әртүрлі мемлекеттерде лаңкестік оқиғалар орын алып жатқанына қарамастан, исламдық Иранда мұндай жағдайлар орын алған емес",- деді.
Брлау министрі жуырда елдің батыс бөлігіндегі Абу Аиша Курди атты лаңкестік топ басшысы мен Иранның Сирияның Ракка қаласындағы әрекеттерге жауапты басшыларының бірі Абу Фарстың өліміне сілтеме жасап: "Сәрсенбі күнгі пасық лаңкестік әрекеттерінен кейін көптеген лаңкестердің желісіне жол тауып, 40-тан астам қауіпті лаңкесті анықтап, құрықтағанымыз үшін халықтан сүйінші сұрауымыз керек",- деді.