Иранның ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірушілерге кесімді жауап беріледі
Иранның Сот билігінің төрағасы Амоли Лариджани: "Иран басшылары мен халқы елдің ұлттық қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндірушілерге кесімді жауап береді" деді.
Иран Телерадио бірлестігінің мәлімдеуінше, Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани дүйсенбі күні сот билігінің жоғарғы дәрежелі басшыларымен отырысында: "ИИР аймақта үстемшіл жүйе мен соларға тәуелді мемлекеттерге қарсы табандылық танытып келеді. ДАИШ тобына қарасты лаңкестердің маусым айының жетісі күнгі Теһрандағы шабуылдары да Иран халқының ақиқатты талап етуші табанды рухына байланысты орын алды" деді.
Аятолла Садеқ Амоли Лариджани бұл лаңкестік шабуылдардың Иран халқының ерік-жігеріне ешқандай нұқсан келтірмейтінін баса айтып: "Ислам революциясы жеңіске жеткеннен кейін АҚШ пен кертартпа үкіметтер лаңкестік топтар құру және оларды қолдау арқылы Иранның табандылығына қарсы шығып, оның ілгерілеуінің алдын алуды көздеп келді. Алайда ИИР олардың жоспарлары мен армандарын сәтсіздікке ұшыратты" деді.