Иранның шекараларында толық қауіпсіздік орнаған
ИИР-ның Шекаралық әскерінің қолбасшысы: "Иран шекараларының басым бөлігінде оптикалық және электрондық мүмкіндіктер мен құрал-жабдықтардың көмегімен толық қауіпсіздік орнатылған" деді.
ИИР-ның Шекаралық әскерінің қолбасшысы генерал Касем Резаи географиялық тұрғыдан Иран шекараларының таулы және алқапты аймақтарда орналасқанын, кейбір кездері кешкі уақытта адамдардың елге кіруіне мүмкіндік туындайтынын айтып: "Жақын болашақта Иран шекараларындағы бақылауды толықтыра түсу үшін ұшқышсыз ұшақтар мен инфрақызыл камералар пайдаланылып, техникалық және инновациялық мүмкіндіктер артатын болады" деді.
Генерал Резаи қазіргі кезде құрал-жабдықтарды күшейту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың арқасында Иранның шекараларында қауіпсіздік бойынша ешқандай мәселенің жоқ екеніне тоқталып: "Дұшпан іріткі салу үшін тұрақсыздық тудыруды көздеп отыр. Бірақ Иранның шекаралық күштері көршілес елдердің шекарашыларымен дипломатиялық үйлесу жұмыстарын жүргізу арқылы барлық істерді мұқият қадағалап отыр" деді.
Генерал Резаи сонымен қатар ирандық шекарашылардың ИИР-ның су және құрлық үсті шекараларын толық бақылап отырғанын қуаттады.