Исламдық Иранда Қадір түндерінің бірінші түні өтті
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28034-Исламдық_Иранда_Қадір_түндерінің_бірінші_түні_өтті
Иранның әртүрлі қалалары мен ауылдарында елдің мүмін халқының қатысуымен Рамазан айының соңғы онкүндігіндегі Қадір түндерінің бірінші түнінің рәсімдері өтті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 14, 2017 15:24 Asia/Almaty
  • Исламдық Иранда Қадір түндерінің бірінші түні өтті

Иранның әртүрлі қалалары мен ауылдарында елдің мүмін халқының қатысуымен Рамазан айының соңғы онкүндігіндегі Қадір түндерінің бірінші түнінің рәсімдері өтті.

Имамат пен велаят ғашықтары өткен түнді, яғни қасиетті Рамазан айының 19  түні мешіттер мен басқа да діни мекендерге жиналып, таңға дейін Құран, «Джоушан Кабир» дұғасын оқып, Алланың есімдерін атап өткізді. Исламның ұлық пайғамбары мен хазіреттің әулеті туралы баяндап, оларды мадақтаушылар хазірет Әли (ғ.с.)-ның жарақат алып, соның салдарынан айықпай, шәһид болғаны туралы айтты.

Иранның солтүстік-шығысындағы Мешхед  қаласындағы әлем шиттерінің сегізінші имамы хазірет Реза (ғ.с.)-ның қасиетті кесенесіне алыс-жақын жерлерден зияратшылар жиналып, Құран оқып, Алламен сырласып, мүнәжәт айтып, қасиетті Рамазан айының өткен түнін ояу өткізді.

Теһранның оңтүстігіндегі Құм қаласындағы хазірет Масуменің қасиетті кесенесі мен Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласындағы хазірет Ахмад бен Мұса Шаһчерағ кесенесінде де діни рәсімдер өтті.

ИИР Телерадио бірлестігі барлық мұсылмандардың қасиетті Рамазан айындағы, әсіресе Қадір түндеріндегі барлық ғибадаттарының қабыл болуын тілейді.