АҚШ-тың Иран Ислам Республикасымен дұшпандығы ежелгі дұшпандық
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28118-АҚШ_тың_Иран_Ислам_Республикасымен_дұшпандығы_ежелгі_дұшпандық
Иран СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми: "Сенаттың Иран халқына қарсылығы мен дұшпандығына қатысты функциясы мен өткен істерін назарға алатын болсақ, АҚШ Сенатының Сыртқы қарым-қатынастар жөніндегі комитетінде Иранға қарсы ядролық емес санкциялар туралы жаңа заң жобасының бекітілуі алдын ала болжанған жағдай саналады",- деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 17, 2017 12:50 Asia/Almaty
  • АҚШ-тың Иран Ислам Республикасымен дұшпандығы ежелгі дұшпандық

Иран СІМ ақпарат хатшысы Ғасеми: "Сенаттың Иран халқына қарсылығы мен дұшпандығына қатысты функциясы мен өткен істерін назарға алатын болсақ, АҚШ Сенатының Сыртқы қарым-қатынастар жөніндегі комитетінде Иранға қарсы ядролық емес санкциялар туралы жаңа заң жобасының бекітілуі алдын ала болжанған жағдай саналады",- деді.

Иран СІМ ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми жұма күні АҚШ-тың ИИР-на қарсы дұшпандығын ежелгі жауластық деп атап: "Халықаралық құжат саналатын "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына сәйкес АҚШ-қа нақты міндеттемелер жүктелген. Бұл ел соларды толығымен және ізгі ниетпен жүзеге асыруы тиіс.

ИИР жаңа заң жобаның мазмұны мен мәтінін Өкілдер палатасы тарапынан бекітілуі мен АҚШ президентінің оған ықтималды қол қою үдерісін мұқият бақылап, талдап отыр. "Ортақ қадам" бағдарламасын жүзеге асыруды қадағалау жөніндегі ирандық делегация Иранның ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатында кесімді түрде жауапты әрі лайық шара қолданады.

Иранның зымырандық қорғанысқа байланысты бағдарламалары заңды әрі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің №2231 қарарына қайшы емес. Ешқандай әрекет Иран Ислам Республикасының заңды қорғаныс құқығына тыйым сала алмайды",- деп қуаттады.