Иранда соңғы Қадір түніне арналған рәсімдер өтті
Қасиетті Қадір түндерінің үшінші және соңғы түніне байланысты арнайы рәсімдер исламдық Иранның жер-жерінде мүміндерің қатысуымен өтті.
Имамат пен велаятты сүюшілер қасиетті Рамазан айының жиырма үшінші түнін Иранның жер-жеріндегі мешіттер, хосейниелер мен басқа да қасиетті және діни мекендерде жиналып, Құран Кәрім мен "Джоушан кабир" дұғасын оқып, Алланың көркем есімдерін айтумен өткізді.
Аһле бейтті (ғ.с) мадақтаушылар хазірет Әли (ғ.с) мен хазірет Хамзе мен хазірет Хосейнді еске алып, оларға жоқтау өлеңдерін арнады.
Қасиетті Рамазан айының жиырма үшінші түні өткен рәсімдердің ең ауқымдысы әрі әсерлісі Машхад қаласындағы имам Реза (ғ.с) мен Құм қаласындағы хазірет Масуменің (ғ.с) кесенелерінде өтті.
Қасиетті Рамазан айының он тоғызыншы, жиырма бірінші және жиырма үшінші түндері Қадір түндері саналады. Мұсылмандар бұл түндері ұйықтамай, сергек болып, Құран оқып, "Джоушан кабир" дұғасын оқып, Жаратушымен сырласады.