Маусым 18, 2017 15:37 Asia/Almaty
  • Ғасеми Сауд Арабиясы жағалау қызметінің Иран балықшыларына оқ жаудыруына реакция білдірді

Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы Парсы шығанағы суларында бір ирандық балықшының Сауд Арабиясының әскери-теңіз жағалау қызметінің оқ жаудыру кезінде қаза болғаны туралы жарияланған хабарға өкініш білдіріп: "Бұл мәселе әлі қарастырылуда",- деді.

Бахрам Ғасеми ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Иран мен шекаралық органдардың тиісті орындарының бұл мәселені растағанына тоқталып: "Бұл мәселе әлі қарастырылып жатыр. Тиісті органдардың зерттеулерінің нәтижелері белгілі болғанда, бұл оқиға қадағаланатын болады",- деді.

Иран ІІМ-нің Шекара істері жөніндегі бас директоры Маджид Ағабабаи де тілшілерге берген сұхбатында: "Парсы шығанағы суларында балық аулап жүрген екі ирандық балықшының қайығы теңіз толқындарының ықпалымен өз бағытынан ауытқып кеткен.

Осылайша ирандық қайықтардың Сауд Арабиясы шекараларына кіргені туралы мәселені анықтамай жатып, бұл елдің шекарашылары ирандық қайықтарға оқ жаудырып, соның салдарынан бір ирандық балықшы көз жұмды.

Сауд Арабиясының бұл әрекеті адамгершілікке жатпайды. Тіпті теңіз толқынының әсерінен ирандық қайықтардың Сауд Арабиясы шекараларына кіргені туралы болжамның болуына қарамастан, олардың ирандық қайықтарға қаратып оқ атуына құқықтары болмаған",- деді.

 

Тегтер