Америкалықтар әдісін өзгертпесе, Иран маңызды қадам жасайды
Иран Қарулы күштерінің ақпарат өкілі бригада генералы Джазайери: "Егер америкалықтар мен сионистер өз әдістерін өзгертпейтін болса, Иран маңызды қадамдар жасайды",- деді.
Иран Қарулы күштерінің ақпарат өкілі бригада генералы сардар Сейед Масуд Джазайери сенбі күні кешке Иран Телерадио бірлестігініе берген сұхбатында ИИР-ның қолында АҚШ-ты жазалайтын құралдардың бар екендігіне тоқталып: "АҚШ-ты билікқұмар, өзімшіл, зорлық көрсетуші және баж алушы топ басқарып отыр. Оның Иранмен дұшпандығының негізгі түп-тамыры осы мәселелер негізінде қалыптасқан.
Қоғамдық пікірге сәйкес, "лаңкестіктің атасы" АҚШ пен әлемдік сионизм саналады. Палестина, Ирак пен Сирия халқын қолдап, лаңкестермен күресетін Ислам революциясының Сақшылар корпусын өздері лаңкес америкалықтардың "лаңкестердің демеушісі" деп атауы тарихи мазақ секілді.
Әлем халықтары АҚШ президенті Дональд Трамптың АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама үкіметінің ДАИШ-ті құруы мен бұл топқа көмек көрсетудегі рөлін мойындағанын ұмытқан жоқ",- деді.