Иран 52 флотилиясын азат суларға шығарды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28204-Иран_52_флотилиясын_азат_суларға_шығарды
ИИР Армиясының Стратегиялық теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Сайяри Иранның 52 флотилиясын азат суларға шығарғанын мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 20, 2017 05:57 Asia/Almaty
  • Иран 52 флотилиясын азат суларға шығарды

ИИР Армиясының Стратегиялық теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Сайяри Иранның 52 флотилиясын азат суларға шығарғанын мәлімдеді.

Иран Телерадио бірлестігі агенттігінің хабарлауы бойынша, ИИР Армиясының Стратегиялық теңіз күштерінің қолбасшысы адмирал Хабиболла Сайяри жексенбі күні кешке әскери теңіз күштерінің ардагерлеріне арналған ауызашарда: "Иран Аден шығанағында 4000 кемені эскорттап, сол аймақта қауіпсіздік орнатты» деді.

Адмирал Хабиболла Сайяри Иран теңіз күштерінің 2016 жылы өз флотилиясымен Африка материгін айналып, Атлант мұхитында 150 күн  үздіксіз болғанын айтып: "Иран бүгінде Үнді мұхитының солтүстігінде де мәліметтерге қолжетімділікке ие. Үлкен әскери-жаттығу өткізуі әлемнің әскери күштерінің Иранды мықты әскери күш деп тануына себеп болды",-деді.