АҚШ-тың Кубаға қарсы жаңа шектеулерін қабылдауға келмейді
ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Кубаға қарсы салған жаңа шектеулерінің қабылдауға келмейтінін айтып: "Әлемдік тәжірибе санкциялардың тәуелсіз елдерге қарсы қысым көрсету құралы ретінде тиімсіз екендігін көрсетті" деді.
Бахрам Ғасеми АҚШ басшыларының тәуелсіз елдерге қарсы санкция салу әрекеттеріне тоқталып: "Куба халқының өткен елу жылдағы табандылығы, қарсыласуы мен ерік-жігері АҚШ-тың бұл елге қарсы санкциялары, қысымдары мен зорлық-зомбылықтарын толығымен бейтараптандырды" деді. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалықтардың әлемнің тәуелсіз елдерінің тәуелсіздігіне көзжұмбайлықпен қарауға негізделген қате саясаттарын бұрынғысынша жалғастыру арқылы әлемдік қауымдастық алдында өзінің зорлық-зомбылық саясатын бұрынғыднан бетер айқындап отырғанына тоқталып: "ИИР-ның принципті саясаты әрдайым әлемнің тәуелсіз елдерін, соның ішінде, Кубаны қолдауға бағытталады" деді.