АҚШ-тың Кубаға қарсы жаңа шектеулерін қабылдауға келмейді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28238-АҚШ_тың_Кубаға_қарсы_жаңа_шектеулерін_қабылдауға_келмейді
ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Кубаға қарсы салған жаңа шектеулерінің қабылдауға келмейтінін айтып: "Әлемдік тәжірибе санкциялардың тәуелсіз елдерге қарсы қысым көрсету құралы ретінде тиімсіз екендігін көрсетті" деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 21, 2017 03:04 Asia/Almaty
  •  АҚШ-тың Кубаға қарсы жаңа шектеулерін қабылдауға келмейді

ИИР-ның Сыртқы істер министрлігінің ақпарат хатшысы АҚШ-тың Кубаға қарсы салған жаңа шектеулерінің қабылдауға келмейтінін айтып: "Әлемдік тәжірибе санкциялардың тәуелсіз елдерге қарсы қысым көрсету құралы ретінде тиімсіз екендігін көрсетті" деді.

Бахрам Ғасеми АҚШ басшыларының тәуелсіз елдерге қарсы санкция салу әрекеттеріне тоқталып: "Куба халқының өткен елу жылдағы табандылығы, қарсыласуы мен ерік-жігері АҚШ-тың бұл елге қарсы санкциялары, қысымдары мен зорлық-зомбылықтарын толығымен бейтараптандырды" деді. Иран СІМ-нің ақпарат хатшысы америкалықтардың әлемнің тәуелсіз елдерінің тәуелсіздігіне көзжұмбайлықпен қарауға негізделген қате саясаттарын бұрынғысынша жалғастыру арқылы әлемдік қауымдастық алдында өзінің зорлық-зомбылық саясатын бұрынғыднан бетер айқындап отырғанына тоқталып: "ИИР-ның принципті саясаты әрдайым әлемнің тәуелсіз елдерін, соның ішінде, Кубаны қолдауға бағытталады" деді.