Маусым 21, 2017 16:51 Asia/Almaty
  • Діни жетекшінің көзқарасы: Ирактағы америкалықтарға сенуге болмайды

Ирактың Премьер-министрі Хейдар әл-Абади сейсенбі күні өзінің үш күндік Теһран сапарының аясында Ислам революциясының жетекшісі және Иран Президентімен кездесіп, екіжақты қарым-қатынастар, аймақтың маңызды өзгерістері мен лаңкестікке қарсы күрес туралы пікір алмасты.

Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Ирак Премьер-министрі Хейдар әл-Абадимен кездесуінде ДАИШ-ке қарсы күрестегі Ирактың саяси және діни ағымдарының бірлігін мадақтап, халықтық күштерді Ирактың маңызды құбылысы әрі күш-қуаты деп атап: «Еш уақытта америкалықтарға  сенбеңдер. Өйткені, олар соққы беру үшін мұрсатты күтуде»,- деді.

Ислам революциясының жетекшісі  Ирактағы қайшылықтар мен елдің екі топқа бөлінуін АҚШ-тың соққы беру үшін күткен мұрсаты деп атап: «Оларға бұл мұрсатты беруге болмайды. Сонымен бірге, оқыту және басқа мәселелерді сылтауратып, америкалық күштердің Иракқа  кіруінің алдын алу қажет»,- деп баса айтты.

2003-ші жылы Иракты басып алуы және одан кейінгі АҚШ-тың  бұл елдің әртүрлі бөлімдеріне қатысты саясаты АҚШ-қа сенуге болмайды деген нәтижеге жеткізді. Өйткені, АҚШ кез келген жағдайда тек өзінің мүддесі туралы ойлайды. АҚШ-тың Ирактың территориялық тұтастығы туралы көзқарасы АҚ үйдің лаңкестікпен күрес саласындағы екіжүзді саясаты. Ирактағы арнайы топтарды қолдауы бұл елдің саяси бірлігіне соққы беруді көздейді. АҚШ-тың Иракқа қатысты саясатында біртұтас, тәуелсіз Иракқа орын жоқ.

АҚШ-тың ДАИШ-ты құртуға маңызды рөл атқарған халықтық күштерге, яғни, «әл-Хашд әш-Шаабиге» қарсы болуы АҚШ-тың Иракқа деген дұшпандығының белгісі. «Әл-Хашд әш-Шааби» 2014-ші жылы ДАИШ лаңкестері Бағдаттың дарбазасына жақындаған кезде құрылып, бүгінде Ирактың халықтық күштеріне айналды. Ирактықтардың оларға деген сенімі мен бірлігі ДАИШ-тың Мосудың батысынан қашуына себеп болды.

Осы күні ресми органға айналған Ирактың халықтық күштері күш-қуаттың маңызды факторы саналып, Ирактың күш-құдыретін көрсетеді. «Әл-Хашд әш-Шааби» стратегиялық күштері Ирак армиясының қасында бұл елдің шекралары мен Сирияда маңызды рөл атқарып, ДАИШ-ке шынайы соққы берді. Бұл мәселе америкалықтар үшін жағымсыз болып, Ирактың халықтық күштеріне дұшпандық танытуда. АҚШ-тың «әл-Хашд әш-Шаабиге» қарсылық білдіруі америкалықтардың лаңкестікпен күрес саласындағы екіжүзділігін көрсетеді. Осыған орай Ислам революциясының жетекшісі Ирак Премьер-министрімен кездесуінде америкалықтардың ДАИШ-ке қарсы шынайы күреспейтіндігіне тоқталып: «Америкалықтар мен аймақтағы олардың кейбір одақтастары ДАИШ-тың тамырын жоюды мақсат етпейді, өйткені ДАИШ солардың қолдауы және қаржысымен құрылды. Сондықтан, олар өздерінің жұдырығында болған ДАИШ-тың Иракта қалғанын қалайды»,- деп баса айтты.

Ирактың шиіттері, сүнниттері мен басқа топтарынан құрылған халықтық күштері Ирактың тәуелсіздік талап етуіне сай амал етуде. «Әл-Хашд әш-Шааби» – ДАИШ жойылғаннан кейінгі Ирактың тұрақты қауіпсіздігінің кепілі. Америкалықтар ДАИШ жойылған соң әртүріл сылтаулармен Иракта қалғысы келеді. Бұл мәселеге қырағылық білдірудің маңыздылығы ДАИШ-ке қарсы қазіргі күрестен кем емес. Ислам революциясы жетекшісінің айтуынша, «америкалықтардың алдында қырағы болып, еш уақытта оларға сенуге болмайды. Өйткені, АҚШ пен оның одақтастары Ирактың тәуелсіздігі мен бірлігіне қарсы».

 

 

Тегтер