Америка көздеген мақсаттарына жеткен жоқ
ИИР Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Америка мен одақтастарының лаңкестік соғыстар арқылы мақсаттарына жете алмағанын қуаттады.
ИИР Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы бригада генерал Сейед Сасуд Джазайери бүгін, сәрсенбі күні ИРНА-ға берген сұхбатта лаңкестік ДАИШ тобын Америка басшыларының идеологиялық штабының өнімі деп атап: «ДАИШ лаңкестік тобы Арабстанның, Түркия мен аймақ пен кейбір еуропалық елдердің қолдау, көмегімен қалыптасып, дамыды. Бұл лаңкестік топтар Америка үшін пайдаланатын мерзімі өткенше демеуге ие болады. Одан кейін ұйымның ішіндегі қақтығыстар мен сыртқы қысымдардың нәтижесінде олар тасада қалады. ДАИШ лаңкестік тобының алданған мүшелерінің тағдырын аймақ елдері мен Америка және Батыстан бақылау керек. Бұл лаңкестердің мәселелері Еуропа мен Америка, Түркия мен Арабстан үшін жақында белгілі болады» деді.