ИИР – Азияның батысындағы қауіпсіз ел
Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы аймақтық және трансаймақтық оқиғалармен салыстырғанда Иран Ислам Республикасының қауіпсіз ел екенін мәлімдеді.
Иран Телерадио ұйымының бейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Иранның Тәртіп сақтау күштерінің қолбасшысы бригада генералы Хосейн Аштари Систан мен Балучестан облысының басшылары, ақсақалдары мен шекаралық және тәртіп сақтау күштерінің қызметкерлерімен кездесуінде: "Дұшпандар, зұлым адамдар мен лаңкестер әрдайым Иранның тыныштығы мен қауіпсізздігіне нұқсан келтіруді көздейді. Алайда олар осы уақытқа дейін табысқа жете алмады. Олардың лаңкестік әрекеттеріне жауап ретінде зымырандармен жойқын соққы берілді. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының ДАИШ лаңкестерінің Сириядағы базасын зымырандармен нысанаға алып, дәл тигізуі Иранның қорғаныстық күш-құдіретінің жоғарғы деңгейін көрсетеді" деді,
Бригада генералы Хосейн Аштари сонымен қатар Иран дұшпандарының дінаралық алауыздықтар тудыру жобасының Иранның халқы бірлігінің арқасында сәтсіздікке ұшырағанын баса айтты