Иранның жер-жерінде әлемдік Құдс күніне қатысты шерулер өтті
Иранның жер-жерінде «Әлемдік Құдс күні –исламдық үмбеттің бірлігі мен жиһадының кілті. Палестинаның қаналған халқын қолдау – сионистік режимнің нақты құлдырауы» деген ұранмен Әлемдік Құдс күнінің шеруі өтті.
Бүгін, жұма исламдық Иранның халқы Әлемдік Құдс күніне арналған шеруге жаппай қатысып, қасиетті Құдсты азат етуді қолдауы туралы жариялауымен бірге «АҚШ-қа – өлім», «Израильге – өлім», «Әлемдік үстемдік пен халықаралық сионизмге өлім» деген ұрандарымен палестиналықтарға қарсы лаңкестік, басып алу және оларды жаппай қырып-жоюға деген ызасы мен жиіркеніштерін әлемдіктердің құлағына жеткізді.
Әлемдік Құдс күні шеруінің соңында оған қатысушылар қарар шығарып, тағы да сионистік режим мен ДАИШ лаңкестік тобының және АҚШ басқарған олардың қолдаушыларының қылмыстарын айыптап, Палестинаның қаналған халқының қарсыласуын қолдайтындықтарын жариялады.
Сонымен бірге Сақшылар Корпусының Дейр әр-Зордағы лаңкестердің орталығына атқан «Золфақор» зымыраны Теһрандағы Құдс күнгі шеруі өтетін жолында көрсетілді.
4000 жергілікті және шетелдік журналистер Иранның жер-жерінде өткен Әлемдік Құдс күні туралы хабар таратты.
Әлемдік Құдс күніне қатысты шаралар әлемнің 120-дан астам елінде өтеді.