Иран әлемдік Құдс күні "Америкаға өлім!" деп ұрандатты
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28336-Иран_әлемдік_Құдс_күні_Америкаға_өлім!_деп_ұрандатты
Иран халқы әлемдік Құдс күніне арналған шеруге салтанатты түрде әрі жаппай қатысып, "Израильге өлім!», «Үстемшілдікке өлім!" деп ұрандатып, өздерінің әлем зұлымдарына деген жеккөрушілігін мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 24, 2017 14:16 Asia/Almaty
  • Иран әлемдік Құдс күні

Иран халқы әлемдік Құдс күніне арналған шеруге салтанатты түрде әрі жаппай қатысып, "Израильге өлім!», «Үстемшілдікке өлім!" деп ұрандатып, өздерінің әлем зұлымдарына деген жеккөрушілігін мәлімдеді.

Иран халқы әлемдік Құдс күнімен сәйкес келген Рамазан айының соңғы жұмасында Иранның жер-жерінде мұсылман "Әлемдік Құдс күні – мұсылман үмбетінің бірлігі мен джиһадының сыры", "Палестина халқын қолдау", "Сионистік режимді түп-тамырымен жою", "Америкаға өлім!», «Израильге өлім!» деп ұрандатты.

Шерушілер қолдарына плакаттар ұстап, сионистік режимнің басқыншылықтарын айыптап, Құдсты азат ету арманын қайта жандандыруға уәде берді.

Діни азшылықтар да әлемдік Құдс күніне арналған рәсімдерге қатысып, зұлымдықтың нышаны саналатын Құдсты басып алушы режимнің адамзатқа қарсы қылмыстарын айыптады.

Әлемдік Құдс күніне арналған шеру Иранмен қатар әлемнің 85 мемлекетінде өтті.