Миллиондаған Иран халқының Құдс күніне арналған шеруге қатысуы көпқырлы жолдауға ие
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28342-Миллиондаған_Иран_халқының_Құдс_күніне_арналған_шеруге_қатысуы_көпқырлы_жолдауға_ие
Биылғы Құдс күніне арналған шерулер Азияның батысындағы өзгерістердің ең сезімтал кезеңінде Иранның жер-жерінде миллиондаған халықтың жаппай қатысуымен өтті. Мұндай айбындылықпен қатысудың өзіндік көпқырлы жолдауы бар.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 24, 2017 14:52 Asia/Almaty
  • Миллиондаған Иран халқының Құдс күніне арналған шеруге қатысуы көпқырлы жолдауға ие

Биылғы Құдс күніне арналған шерулер Азияның батысындағы өзгерістердің ең сезімтал кезеңінде Иранның жер-жерінде миллиондаған халықтың жаппай қатысуымен өтті. Мұндай айбындылықпен қатысудың өзіндік көпқырлы жолдауы бар.

Исламдық Иранның мүмін және ораза ұстаған халқы жұма күні Палестинаның мазлұм халқы мен әлем мұсылмандарының алғашқы құбыласы әл-Ақса мешітін қолдау арқылы әлемдік Құдс күніне арналған шеруге қатысты. Олардың біріккен саптары түрлі тұстардан айқын әрі кесімді жолдауға ие. Сионистер, яғни Палестинаның мазлұм халқының жерін басып алушылар үнемі Иран халқын жек көреді. Шамамен өткен 70 жылдың ішінде, яғни Израиль режимі құрылған сәттен бастап палестиналықтар мен палестиналықтардың әртүрлі формаларда қарсыласуын ашық түрде қолдау Иран халқы мен үкіметінің күн тәртібіне енгізілген болатын. Дәл осы аяда, Иран президенті Хасан Рухани жұма күні әлемдік Құдс күніне арналған Теһранда өткен шеруге байланысты халықтың жаппай қатысуындағы жолдауға тоқталып: "Құдс күні халықтың жолдауы халықтың озбыр сионисттік режимге деген жек көрушілігі мен шамамен жеті онжылдық бұрын зұлымдық пен озбырлыққа ұшырап келе келген тарихтағы ұлы әрі мазлұм халыққа қолдау көрсетуі болды",- деді.

Басқаша айтқанда, Иран халқы мен үкіметінің Палестина халқын негізгі және түпкілікті түрде қолдауы басқыншы Израиль режиміне қарсы интифаза шеңберінде көрініс тапқан палестиналықтардың қарсыласуы үшін қуат беруші фактор болған. Сионистік режимнің болмысы мен саясатын әшкерелеудегі Иранның саясаты палестиналықтардың туған жеріне жалған Израиль режимінің мүддесіне сай көзжұмбайлық таныттуға талпыныс жасайтын басқыншы жүйе мен оның реакцияшыл араб демеушілерінің үгіт-насихаттық жолында жалған бағыт салған. Палестинаның мәселесіне назар аудару ИИР-дың сыртқы саясатындағы ең маңызды принциптердің бірі саналады.

Сонымен қатар, Иран халқының биылғы әлемдік Құдс күніне орай шеруге жаппай қатысуының келесі жолдауы ретінде олардың Иран Ислам Республикасы жүйесімен бірлігі мен бірге болуын көрсету болып табылады. Теһрандағы шеруде халықтың бірнеше зымыранның жанында ұрандатып, бұл шараға қолдау көрсетуі зымыран жасау өнеркәсібіне заңдылық сыйлады. Зымырандарды көрсетудің өзі екі жолдауды қамтып отыр: бірі Иранның қуаты кез келген лаңкестік қауіп пен оның демеушілеріне жауап ретінде халықтың қалауы және қиратқыш күші саналады. Иран Ислам революциясы Сақшылар корпусының жексенбі күні Сирияның Дейр эз-Зурдегі ДАИШ лаңкестерінің базасына зымырандық шабуыл жасауы Теһранда маусымның жетісі күні орын алған лаңкестік амалдарды ұйымдастырушылар мен лаңкестерді арандатушыларға мақсатты жауап беру болды. Теһранда зымырандарды баршаның назарына көрсетудегі екінші мақсат – ИИР үшін халықтан басқа ешкім шешім қабылдамайды дегенді білдіреді және олардың зымырандармен шеруде қатар жүріп өтуі америкалықтардың бос әрі пайдасыз жоспарлармен Иранның зымырандық өнеркәсібі дамуының алдын алуға талпыныс негізіндегі жуырдағы АҚШ Сенатының қабылдаған заң жобасына берілген айқын жауап болды.

Миллиондаған Иран халқының биылғы әлемдік Құдс күніне арналған шеруге қатысуының америкалықтар үшін хабарлауға тұрарлық болған келесі жолдауы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Иранның ішкі істеріне араласушылық ұстанымдарына берілген нақты жауап саналады. Рекс Тиллерсон жуырда айтқан халықаралық құқықтарды бұзушы және қабылдауға келмейтін, айыпталатын сөзінде: "АҚШ Вашингтонға билікті бейбіт түрде ұсынуға көмектесе алатын Ирандағы ішкі күштерге қолдау көрсетеді",- деп айтқан еді. АҚШ-тағы әртүрлі үкіметтердің тұрақты мақсаттарының бірі ИИР жүйесін биліктен құлату болды.  Осыған байланысты ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи бірнеше күн бұрын шәһид болған шекарашылар мен кесенені қорғаушылардың отбасыларын қабылдауында: "Америкалық саясаткерлер революция жеңіске жеткеннен бастап ислам республикасының жүйесін өзгертуді көздеп келді. Бірақ, олар Иран халқына соққы бере алмайды, керісінше біздің халқымыз оларға ауыр соққы бермек",- деп қуаттаған болатын.

Исламдық Иранның жер-жерінде миллиондаған халықтың әлемдік Құдс күніне орай жаппай шеруге қатысуы шамамен соңғы қырық жыл ішінде әртүрлі формаларда көрініс тапқан Иран халқының Америка үкіметіне берген соққысының тағы бір мысалы саналады.