Шамхани: Американың Сириядағы ақылсыз әрекеттері отпен ойнаудың әшкере үлгісі
Иранның Ұлттық Қаіпсіздік Жоғарғы кеңесінің хатшысы Американың Сириядағы ақылсыз әрі ілік іздеуші әрекеттерін отпен ойнаудың әшкере үлгісі деп атады.
Али Шамхани сәрсенбі күні Американың Сирияға қарсы «Дамаск химиялық қару қолданды» деген жуырдағы қоқан-лоққыларына білдірген реакцияда: «Сирияға қарсы қайтадан жалған уәж айту жобасы Американың лаңкестік шебінің үздіксіз жеңілістерін бүркемелеп, Сирия армиясының анықтаушы ролге ие ілгерілеушіліктерімен қарсыласу жобасының жалғасы» деді.
Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғарғы кеңесінің хатшысы Американың Сирия жеріне жасаған заңсыз шабуылдары мен Хомстағы аш-Шейрат әуе базасын «Сирия химиялық қару қолданды» деген сылтаумен нысанаға алуына сілтеме жасап: «Иран мен Ресей сол оқиғадан кейін Америка тарапынан айтылған уәждерді тексеру үшін ақиқатты анықтаушы халықаралық делегация жіберуді ресми түрде сұраған болатын. Бірақ, Вашингтон Сирияға қарсы айтылған айыптардың жалғандығының әшкере болуының алдын алып, бұл іске кедергі жасады» деді.
Шамхани Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымының Америка тарапынан айтылған сөздерінің мәселесіне араласуы қажеттігін қуаттап: «Вашингтон өзі айтқан уәждеріне сенімді болса, Сирия үкіметінің серіктестігімен шындықтың бейтарап тексерілуі үшін тиісті мәліметтерді Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымы инспекторларының ықтиярына тапсыруы керек» деді.