Шіл 02, 2017 20:07 Asia/Almaty
  • Лариджани Ирак басшыларын Мосулдың ДАИШ-тың басқыншылығынан азат етілуімен құттықтады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Али Лариджани Ирак президенті Фуад Масум мен премьер-министр Хейдар ал-Абадиге жіберген жолдауларында Мосулдың ДАИШ лаңкестерінің басқыншылығынан азат етілуімен құттықтады.

Иран Телерадио ұйымының мәліметі бойынша, Али Лариджани Ирак президентін құттықтаған жолдауда: «Ирак үкіметінің талпыныстары мен діни жоғары жетекші аятолла Систанидың ерекше көңіл аударуы мен халық пен халықтық күштердің жанкешті күресі мен қарсыласуының нәтижесі болып табылатын бұл құнды жеңіс аймақта қауіпсіздік пен баянды бейбітшіліктің орнауы және терроризмнің жойылып, олардың қаржылай және қару-жарақ тұрғысынан қолдаушыларының жеңілісіне негіз әзірледі» деп қуаттады.

Лариджани сондай-ақ, Ирак президентіне жолдаған құттықтауында Мосул қаласын азат етудегі осы елдің үкіметі мен халқын үлкен жеңістерімен құттықтап, Ирак пен аймақта тыныштық пен тұрақты қауіпсіздіктің орнатылуы қажеттігін қуаттады.

Сонымен қатар Иранның Ислам Кеңесі Мәжілісінің өкілдері де мәлімдеме жариялап, Ирак үкіметі мен мәжілісін, Хашд аш-Шааби халықтық күштерін, діни жетекші аятолла Систаниды құттықтап, Мосулды ең аз шығынмен азат етуді Америка мен ДАИШ лаңкестік тобының негізгі қолдаушылары болып табылатын осы елдің аймақтағы одақтастарының жеңілісі деп атады. 

 

Тегтер