Ғасеми АҚШ-тың 1988 жылы Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын нысанаға алғанын айыптады
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28588-Ғасеми_АҚШ_тың_1988_жылы_Иранның_жолаушы_тасымалдаушы_ұшағын_нысанаға_алғанын_айыптады
Иран СІМ ақпарат хатшысы 1988 жылы маусымның үші күні америкалық кеменің Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын құлатудағы адамгершілікке жатпайтын әрекетін айыптап: "АҚШ адамзат баласына қарсы әрекеттері үшін жауап беруі тиіс",- деп мәлімдеді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 03, 2017 09:29 Asia/Almaty
  • Ғасеми АҚШ-тың 1988 жылы Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын нысанаға алғанын айыптады

Иран СІМ ақпарат хатшысы 1988 жылы маусымның үші күні америкалық кеменің Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағын құлатудағы адамгершілікке жатпайтын әрекетін айыптап: "АҚШ адамзат баласына қарсы әрекеттері үшін жауап беруі тиіс",- деп мәлімдеді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Иран СІМ ақпарат хатшысы дүйсенбі күні таңертен АҚШ кемесінің Иранның жолаушы тасымалдаушы ұшағына жасаған шабуылының жылдығына орай айтқан сөзінде: "Иран халқы бұл оқиғаны іске асырушыларды адам құқықтарын қолдау және халықтарды қорғаумен бүркемелеп, қылмыс жасайтын қисынсыз уәж айтушылар деп санайды. Олар адамзат баласына қарсы жасаған әрекеттері үшін жауап беруі тиіс",- деп мәлімдеді.

1988 жылдың маусым айының үші күні америкалық Vincennes кемесінен Парсы шығанағы сулары үстінен ұшып бара жатқан кезде ИИР-дың жолаушы тасымалдаушы ұшағына екі зымыранның атылуы салдарынан 290 жолаушы мен экипаж мүшелері шәһид болды.