Иран мен Тотал Оңтүстік Парс газ алаңын дамыту туралы келісімге қол қойды
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28602-Иран_мен_Тотал_Оңтүстік_Парс_газ_алаңын_дамыту_туралы_келісімге_қол_қойды
Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Францияның Тотал мұнай компаниясы халықаралық консорциумы Теһранда құны төрт миллиард алты жүз миллионды құрайтын келісімге қол қойды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 03, 2017 16:32 Asia/Almaty
  • Иран мен Тотал Оңтүстік Парс газ алаңын дамыту туралы келісімге қол қойды

Иранның ұлттық мұнай компаниясы мен Францияның Тотал мұнай компаниясы халықаралық консорциумы Теһранда құны төрт миллиард алты жүз миллионды құрайтын келісімге қол қойды.

Оңтүстік Парс алаңындағы 11 кезеңді дамыту келісімінің орындалуымен Оңтүстік Парс газ алаңынан Иранның Қатармен ортақ өндірісінің көлеміне күніне 56 миллион текше метр қосылатын болады. Оңтүстік Парс газ алаңы – әлемдегі ең үлкен газ кен орны.