Аймақтағы Американың мүдделеріне қауіп төніп тұр
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28702-Аймақтағы_Американың_мүдделеріне_қауіп_төніп_тұр
Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның ислам революциясының халықтардың оянып, Американың аймақтағы мүдделеріне қатер төнуіне себеп болғанын айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 06, 2017 12:38 Asia/Almaty
  • Аймақтағы Американың мүдделеріне қауіп төніп тұр

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы Иранның ислам революциясының халықтардың оянып, Американың аймақтағы мүдделеріне қатер төнуіне себеп болғанын айтты.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Ислам революциясы Сақшылар корпусы Теңіз күштерінің қолбасшысы контр-адмирал Али Фадави бүгін, бейсенбі күні Иранның солтүстік-шығысында орналасқан Машһад қаласында өткен бір рәсімде: “Дұшпандар Иранмен жанама соғысқа бет бұрып, қысқа мерзім ішінде Сирияның заңды үкіметін құлатуды көздеді. Бірақ, бірнеше жылдан соң көптеген шығынға ұшырап, Сириядағы өздерінің жеңілістеріне Иранды кінәламақ” деді.

Контр-адмирал Фадави Иранның аймақтағы барлық жеңістерін ислам сарбаздары мен жауынгерлерінің талпыныстары мен еңбектерінің жемісі деп атап: “Дұшпандар ислам революциясының жеңісінен кейінгі жылдары Иранның ішінде революцияға қарсы күресті. Алайда бүгін сол күрес шекаралардан мыңдаған шақырымға алысқа шегіндірілді. Бұл Иранның іскери әлеуетінің көрсеткіші” деді.