Иран Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді
https://parstoday.ir/kz/news/iran-i28706-Иран_Қырғызстанға_гуманитарлық_көмек_жіберді
Иран Ислам Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының 100 шатыр, 400 көрпеден тұратын гуманитарлық көмек тиелген жүгі Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласына жетті.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 06, 2017 13:10 Asia/Almaty
  • Иран Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді

Иран Ислам Республикасының Қызыл Жарты Ай қоғамының 100 шатыр, 400 көрпеден тұратын гуманитарлық көмек тиелген жүгі Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласына жетті.

Қырғызстандағы ИИР-ның елшісі Моджтаба Рузбаһани Иранның гуманитарлық көмектерін тапсыру рәсімінде: "Бішкекке гуманитарлық көмек жіберу ИИР-ның әрдайым қиын жағдайларда қырғызстандық бауырларының қасынан табылатынын көрсетеді" деді. Иранның Қырғызстанның оңтүстігі мен апатты, қауіпті аймақтарына арналған гуманитарлық көмектері Қырғызстан азаматтарының тосын жағдайлармен күресуге әзір болу мақсатында жіберіледі.