Хазаи: Иран – аймақтағы тұрақты ел
ИИР Экономика және қаржы министрі Мұхаммад Хазаи Иранды аймақтағы тұрақты ел деп атады.
Мұхаммад Хазаи бейсенбі күні Венада өткен «Инвестиция және Иранның мұнай-химия саласының дамуы» атты конференцияда: «Иран әртүрлі, соның ішінде шетелдік инвестицияны қабылдау, құрал-жабдық сатып алу және мемлекеттік, сондай-ақ жеке меншік жобаларын ұсыну салаларында шетелдік компаниялармен ынтымақтастықтарды кеңейтуге дайын»,- деп мәлімдеді.
Мұхаммад Хазаи Иранның географиялық жағдайы және тұтынушылық нарығының ауқымдылығымен бірге бұл елдің мұнай-газ байлығын Иранның мұнай-химия саласына шетелдік инвестиция салу үшін тартымды фактор деп атап: «Иранның аймақ елдерімен жақсы сауда қарым-қатынас орнатуына байланысты шетелдік инвесторлардың бұл елге келуі мен елдің өнімдерін аймақтың басқа мемлекеттеріне экспорттау үшін жақсы жағдай орнатылды»,- деді.